kz

RU
EN
KZ
Брайан, «Астана» сапына қош келдіңіз!
14 қаң 2022

«Астана» футбол клубы бразиялық қорғаушы Брайан Сильвамен келісім-шартқа отырды.

Футболдағы кәсіби мансабын бразиялық «Америка Минейродан» бастаған Брайан клуб сапында 100-ден астам ойын өткізіп, 15 гол соққан. 2013 жылы португалиялық «Бенфикаға» өтіп, клуб құрамында бір маусым ойнады.

Еуропадағы мансабы 2020 жылы армяндық «Алашкерт» клубынан басталады. Оның құрамында ел чемпионы атанып, кейін «Атыраудан» шақырту алған.

Брайан 2021 жылы мұнайшылармен бірге керемет маусым өткізді: 29 ойынға қатысып, 5 гол соғып, 4 ассист берді. Негізінен сол жақ қорғаушысы позициясында ойнағанымен, кейде артқы вингер, шабуылшы, екінші шабуылшы, жартылай қорғаушы ретінде де алаңға шыққан.

Келісім-шарт мерзімі 2022 жылдың соңына дейін жоспарланған.

Брайан Сильва Гарсия
Туған күні: 28 наурыз, 1992 ж.
Азаматтығы: Бразилия
Позиция: қорғаушы
Бойы: 177 см
Салмағы: 77 кг

Бас серіктес