Қазақстан Кәсіпқой Футбол Лигасы COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралуының алдын алуға байланысты өтіп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
OLIMPBET футболдан Қазақстан Чемпионаты, Қазақстан Кубогы, Бірінші және Екінші Лига ойындары халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты кейінге қалдырылды.
Адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ вирустың таралуына жол бермеу – бұл ағымдағы эпидемиологиялық жағдай аясындағы басты басымдықтар. Барлықтарыңызды тыныштықты сақтауға және алдын алудың барлық тиісті шараларын қабылдауға шақырамыз. Жаңа ойын күндері туралы шешім кейінірек қабылданады.