kz

RU
EN
KZ
Давид Лория - клубтың жаңа атқарушы директоры
Бүгін клуб кеңсесінде клубтың жаңа атқарушы директорын таныстырды. Ол қызметке Давид Лория тағайындалды.
09 қаз 2020

Давид Григорьевич қаланың футбол мектебінің түлегі және Қазақстан құрамасының рекордсмендерінің бірі. Лория футболшы мансабында «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы» және «Локомотив» клубтарының намысын қорғап, 2009 жылы астаналық ұжым сапында командамен күміс медальды жеңіп алды. Ол сондай-ақ түріктің «Ризеспор», «Каршияка», швециялық «Халмстад» және ресейлік «Спартак Нальчик» клубтарының намысын қорғаған. Экс-қақпашының еншісінде жалпы саны үш чемпиондық титул бар. Лория Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен Әлем чемпионатына қатысып, ұлттық құрама сапында 45 ойын өткізді.
Давид 2019 жылы футболдағы мансабын аяқтаған соң, құрама командалардың бұрынғы ойыншылары үшін құрылған UEFA MIP футбол менеджменті бағдарламасы бойынша курстарға түсті.

Бас серіктес