kz

RU
EN
KZ
Денис Поляков: «Керемет маусым үшін баршаңызға алғыс білдіремін»
Беларусиялық қорғаушы Денис Поляков елордалық клубпен қоштасып, «Астананың» жанкүйерлеріне арнайы тоқталды.
04 қаң 2023

— «Астана» үшін тер төккен әрбір жанға: басшылыққа, кеңсе мен медицина қызметкерлеріне, жаттықтырушылар құрамына, ойыншыларға рахмет айтқым келеді.

Жанкүйерлерге ризашылығымды білдіремін: маусым бойы біз оларға әдемі жеңістер, голдар, кездесулер арқылы алғысымызды білдіруге тырыстық. Қонақта, не өз алаңымызда ойнасақ та, әр матч сайын сіздердің қолдауларыңызды сезіне білдік.

Құшақ аша қабылдаған және өзіңді жайлы сезінетін клубтан кету өте қиын. «Астана» – керемет ұжымы бар клуб, сондықтан мен бәрін де сағынатын боламын және болашақта кездесерміз деген ойдамын. Тамаша жыл, эмоциялар және чемпиондық үшін баршаңызға рахмет!

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес