kz

RU
KZ
«Астананың» екі тәрбиеленушісі клуб құрамына оралды
23 шіл 2020

Жазғы трансферлік терезе кезінде «Астана» бапкерлер құрамының қабылдаған шешімімен клубтың екі тәрбиеленушісі - жартылай қорғаушы Сұлтан Сағнаев пен шабулшы Рамазан Каримов команда сапына қайта оралды.  
Екі футболшы да маусымның алғашқы бөлігін «Каспий» сапында жалда өткізіп, Қазақстан чемпионаты екі рет үзілгендіктен, олар ақтаулық клуб сапында екі ойыннан ғана өткізді. 
Қазіргі уақытқа дейін 21 жастағы Каримов «Астана» жейдесінде үш ойын өткізіп, бір гол соққан. Ал 20 жастағы Сағнаев елорда командасы сапында 8 ойын өткізген. 
Айта кетейік, Михал Билектің бапкерлер құрамы екі футболшының да мүмкіндіктерін өте жақсы біледі. Себебі, Каримов пен Сағнаев қысқы оқу-жаттығу жиынын астаналық команда сапында өткізген болатын.

Бас серіктес