kz

RU
EN
KZ
Евгений Постников «Астана» командасынан кетті
17 ақп 2021


 
​Тараптардың өзара келісімі бойынша қорғаушы Евгений Постниковтың келісімшарты бұзылды.
Постниковтың фин ХИК-ға және чехиялық «Яблонец» қақпаларына соққан голдары клуб жанкүйерлерінің есінде ұзақ сақталады.

​Евгений команданың футболкасында жүргенде 223 матч өткізіп, «Астана» үшін барлығы 5 гол соғып, 5 голдық пас берді, бұл клуб тарихындағы 4- нәтиже болып табылады.​Постников Чемпиондар Лигасы тобында да, Еуропа лигасы тобында да ойнай жүріп, клубпен бірге 6 чемпионатты, Суперкубок пен Қазақстан Кубогын жеңіп алды!

​«Астана» футбол клубы Евгенийге клубтың жетістіктеріне қосқан зор үлесі үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ оған алдағы уақытта бар жақсылықты тілейді!

Бас серіктес