kz

RU
EN
KZ
«Астана» футболшылары ерекше жейдемен ойнайды
21 там 2020

 

Еліміздегі күрделі жағдай, яғни Covid-19 коронавирустық инфекция пандемиясының таралуына байланысты «Астана» футбол клубы Президенттік кәсіби спорт клубымен және PARIMATCH компаниясымен бірлесіп «Біз біргеміз» акциясын қолдауға шешім қабылдады.
Медицина қызметкерлерінің ауруға қарсы күрестегі ерен еңбегін қолдау мақсатында елордалық клубтың ойыншылары Қазақстан чемпионатының бесінші турының ойынына «Birgemiz» қорының логотипімен шығады. Елімізде короновирустық инфекция жағдайы жақсарғаннан кейін барлық ойын жейделері арнайы аукционда сатылып, ал түскен қаражат қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.
Бұл акция «Астана» Президенттік клубы командаларының бас серіктесі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қолдауымен өткізілуде. Акция барысында клубтың Бас серіктесі елорда командасының ойын жейдесіндегі орнын уақытша босататын болады. 
Естеріңізге сала кетейік, «Астана» - «Оқжетпес» арасындағы ойын 22 тамызда Алматыда өтеді. Бұл ойынды Qazsport телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Бас серіктес