Командамен жұмысты бас бапкердің міндетін атқарушы Пол Эшуорт жалғастыруда. Оның қол астында ұлттық құрама мен жастар құрамалары сапындағы ойыншылардан басқа футболшылардың барлығы маусымға дайындықтарын жалғастырып жатыр. Сондай-ақ, Жарко Томашевич командаға бірнеше күнде қосылатын болады.
Еске сала кетейік, «Астана» үзілістен кейінгі алғашқы ойынын 12 қыркүйек күні «Ордабасыға» қарсы өткізсе, ал 17 қыркүйек күні Еуропа Лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында Черногория чемпионы «Будучность» ұжымын қабылдайды.