kz

RU
KZ
Григорий Бабаян: 1-1 біз үшін нашар нәтиже
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Жеңіспен» өткен ойынға өз бағасын берді:
29 қыр 2024

– Біз «Жеңістің» қорғаныста ойнап, шабуылдарды қайтаруға құлықты екенін білдік. Мұндай ойындарда ұтымды сәтте гол соғу өте маңызды, өкініштісі де сол, біз оларды жүзеге асыра алмадық. Қарсылас 2-3 рет шабуылға шықты, ал біз күлкі қылар доп жіберіп алдық. Тең түсу – біз үшін нашар нәтиже. Әрине, алаңның сапасы комбинациялық футбол ойнауға мүмкіндік бермеді, сонымен қатар жігіттердің шаршағаны да сезіледі. Өте тығыз кестеміз бар, денсаулық салдарынан үш ойыншыны ауыстыруға мәжбүр болдық. Бірақ еңсемізді түсірмейміз, алға тек сеніммен қараймыз. Тыңғылықты дайындалуымыз керек, өйткені бейсенбіде Конференциялар лигасының матчын бастаймыз.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес