kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян: «Динамо» бізден мықтырақ болды
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян УЕФА Чемпиондар лигасының ІІ іріктеу кезеңінде загребтік «Динамоға» (0:4) есе жіберген ойын жайында пікір білдірді.
26 шіл 2023

– Біз «Динамоның» мықты және тас-түйін жинақталған команда екенін білдік, ойын сапасын да көрдік. Біз бүгінгі кездесуде оларға көп мүмкіндік бердік, қорғаныста төмен отырдық, ал бірінші голдан кейін матчқа деген зейінімізді жоғалттық. Ойынды жақсартуға тырыстық, бірақ «Динамо» мықтырақ болды.
 
– Қарымта ойында мүмкіндік бар ма?
 
– Біз қысымға төтеп беріп, жігіттердің жігерін жанып, командаға белгілі бір өзгерістер енгізуіміз керек. Ең болмағанда екінші кездесуде жолымыз сәтті болып, жақсы әсер қалдырамыз деп үміттенеміз.
 
– Сіз қарымта ойында бір ғажайыптың боларына сенесіз бе?
 
– Біз ойыншылардың рухын көтеруге тырысамыз, өз алаңымызда жанкүйерлердің ерекше ықыласы мен қолдауы болатынын білеміз, сол себепті де жігіттерден жақсы ойын күтемін. Футболда алдын ала болжам жасау мүмкін емес.
 
– Чондрич пен Томасовтың ойынына қандай баға бересіз?
 
– Чондрич болмаса, гол саны көп бола еді, қақпаны әдемі қорғай білді. Ойын барысында бірнеше өткір соққы болды, кейбірін жіберіп те алдық. Ал Томасовқа келсек, барлық жағынан үздік деп айта алмаспыз, бірақ оның тырысып жатқаны, өзін Хорватия жұртшылығына көрсеткісі келгені айдан анық. Негізі, Марин бұдан да жақсырақ өзін көрсете алатын еді.

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес