«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «TSC» командасынан басым түскен ойынды қорытындылады:
– Тек алғашқы 20 минутта ғана біз жоспарлағандай ойын көрсеттік. Жігіттер физикалық тұрғыда қарсыласқа төтеп берді. Тығыз ойын кестесіне байланысты бұл кездесу оңайға соқпасы белгілі еді. Қарағандыдағы ойынды бір күн ертерек ауыстыруға тырысқанымыздың да себебі осы. Шаршаңқы жағдайда алаңға шығуға жүрексінгеніміз де бар. Бұл 25 минуттан кейін анық байқалды. Негізі, осы уақытқа дейін біз екі-үш гол соға алатын едік. Біздің бағымызға орай, қарсыластың қақпаға бағыттаған доптары қиыс кетті. Екінші таймда өзара тең түскен футбол болды. Әдемі қорғана білгені үшін жігіттерге құрмет көрсетуіміз керек, бар ынтамен жасалған дүние екені рас. Біз ұпай үшін күрестік. Ең бастысы – жеңіске жетіп, үш ұпай еншіледік.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ