kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян: «Астана мен «Қайрат» арасындағы ойындардың мәртебесі ерекше»
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Алматыдағы матчтың нәтижесіне қатысты пікір білдірді.
15 қаз 2022

- Өте қиын матч. «Астана» мен «Қайрат» арасындағы мұндай ойындардың мәртебесі, құштарлығы ерекше. Біз тактикалық тұрғыдан схеманы аздап өзгерттік, қарсылас сияқты ойнадық. Нәтиже үшін ойнау маңызды болды, қиын болатынын және белгілі бір қысым болатынын білдік. Біз бәсекелестеріміздің ұпай жоғалтқанын білдік.

Алғашқы 20 минут өте жақсы көрінді, кейін сәл төмендеу байқалды. Үзілісте тынышталдық, гол соқтық, қажет емес карталарды алдық, бірақ бұл сондай матч, эмоциясыз болмайды, бірақ біз оларды бақылау керек екенін ескерттік. Қазір карталарды алу мүмкін емес, өйткені келесі матчтарда чемпиондық үшін күрес бар, бәрі алда. Жалпы, жақсы матч, жақсы нәтиже. Барлық жанкүйерлерімізді осы жеңісімен құттықтаймыз.

«Астана» ФК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Астана» ФК серіктесі – «Туризм және спортты қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес