«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Қызылжармен» өткен ойынның нәтижесі туралы айтты.
– Бұл бірінші кезекте эмоционалды тұрғыда қиын матч болды. Біздің ұлттық құрамадағы жігіттер матчқа екі күн қалғанда ғана қатарымызға қосылды, 10-11 күнгі толық дайындықпен келген «Қызылжарға» қарағанда, екі-ақ жаттығуды толық құрамда өткіздік. Сондықтан бірінші тайм бейберекет өтті, екі гол соққанымызбен, есепке алынбады. неге бұлай болғанын анықтап қарауымыз керек, бірінші гол 100% таза болған секілді көрінді. Қайтадан қарау керек. «Тобылмен» болған матчтағыдай «Қызылжар» Грипшиге қарсы жеке ойыншысын шығарды, бірақ біз бұл жағдайды пайдаланып, ойыншыны қапталға жіберіп, орнына Эбонг еркін аймаққа ойнай алды. Бұл кездесуде біз үшін жеңіс маңызды болды, ойын сапасы маңызды емес еді. Мен жігіттерді осы лайықты жеңіспен құттықтағым келеді. Бізде мүлде уақыт жоқ – 3-4 күн сайын ойын өткіземіз, сонымен қатар еурокубоктарға, ұзақ сапарларға, ауыстыруларға байланысты шегерілген ойындар. Тез арада қалпыпқа келуіміз керек. Оған қоса, «Астанаға» қарсы кез келген команданың құлшынысы жоғары, командамыз еурокубоктың топық кезеңіне шыққаннан кейін олардың астаналықтарға деген дайындығы, құлышынысы тек арта түскендей. Біз бәріне дайын болуымыз керек.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ