«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Жеңіске» қарсы өтетін лига кубогының финалдық матчын талқылады.
– Лига кубогы – Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып жатқан турнир. Шынын айтсам, әу баста бізде турнирді жеңу деген міндет болмады, алайда Конференция Лигасының жалпы кезеңіне өткеннен кейін аталмыш жарыстың біз үшін маңызды екенін түсіндік. Командамен ақылдастық, чемпионат 10 қарашада аяқталды және бізге Конференция лигасына дейінгі бос уақытты толтыру керек болды. Финалға шыққанымызға қуаныштымыз, ендігі жерде әрине жеңіске жеткіміз келеді. Осы маусымда өз ойындарын Астанада ойнамаған екі елордалық ұжымның арасындағы қызық ойын күтіп тұр. Теледидардан қарайтын және стадионда қолдау білдіретін барша жанкүйерлді қуантқымыз келеді.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ