«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Жеңіспен» өткен ойынды қорытындылады.
– Мен кеше ойыналды баспасөз мәслихатында күрделі матч болатынын айттым, бұл бірінші кезекте ұлттық құрамалардың ойындарына қатысты кейін шегерулерге байланысты, одан бөлек біз көптен бері ойнаған жоқпыз, өйткені біздің чемпионат 10 қарашада аяқталды, сергектік пен жылдамдық жетіспеді, сонымен қатар жел де біз ойлағандай футболды ойнауға кедергі келтірді. Қарсылас та жақсы қорғана білді. Жалпы, біз допқа көбірек иелік еттік, тәсілдер көп болды, бірақ соңғы пас пен соққы жетіспеді. Мен қосымша уақытқа жеткізгім келмеді, бірақ төзім танытып, жаңа турнир кубогын жеңгеніміз маңызды. Менің білуімше, біз қазір олжа саны бойынша рекордқа ие болдық. Біз үшін жеңу маңызды. Командаға, үлкен жолды артқа тастап қолдау көрсеткен жанкүйерлерге және матчты ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді.