«Біз осы әдемі қалада, осы әдемі стадионда болғанымызға өте қуаныштымыз. «Бранн» - өте салмақты қарсылас, біз оларды зерттедік. Олар «Боде Глимтпен» чемпиондық үшін күресіп, кестеде екінші орында тұрған мықты команда. Біз команданың Конференциялар лигасының іріктеу кезеңінде елеулі қарсыластарын жеңгенін білеміз, сондықтан ешқандай менсінбеу көрсетуге болмайды. «Бранның» аздап фаворит екені анық, бірақ бәрі ертең алаңда шешіледі. Бізде 24 сағатқа созылған қиын ұшу болды, бірақ қалай болғанда да ертең оң нәтижеге қол жеткізу үшін барлығын жасау керек, бұл бізге қарымта кездесуге бұдан да жақсы дайындалуға мүмкіндік береді. Менің ойымша, команда дайын, бұл біз үшін мүмкіндік, сол себепті де ертең Норвегияда Қазақстанды лайықты түрде көрсетуге тырысамыз».
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ