kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян "Қызылжармен" матч туралы
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Қызылжармен» өткен кездесуге қатысты пікірін білдірді.
23 мау 2024

– Ұзақ уақыттан бері жеңіске жетпегесін команда үлкен қысыммен ойнағаны көрініп тұр. Дегенмен алғашқы таймды жақсы өткіздік. Осы ретте алаңның сапасының жақсы деңгейде екенін тілге тиек еткім кеп тұр. Жөндеу жұмыстарынан кейін мұнда ойнау жағымды әсер қалдырды. Бұндай алаңда сапалы футбол көрсетуге болады және бұл қолымыздан келді, көп соққылар болды, өкінішке орай қақпаға енбей қойды. Ең бастысы, ұйымшылдығымызды жоғалтпай бірыңғай өз ойынымызды көрсеттік.

Екінші таймның алғашқы 10-15 минутында басымдықты беріп қойдық, сол себепті өзгерістер енгізуге тура келді. Бізге бұл матчта жеңіске жету өте маңызды болды. Алаңға алмасып шыққан ойыншылар да барларын салғаны анық. Сондықтан бұл жеңісте барлығының еңбегі зор.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес