«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаянның ойыннан кейінгі пікірі:
– Әрине нәтижеге көңіліміз толмайды, себебі ойын барысында біз мықтырақ болдық және қарсыласқа қарағанда жаман ойын өрнегін көрсетпедік. Бірақ жеңіске жету үшін біз өз мүмкіндіктерімізді қолдануымыз қажет, ал ондай сәттер бізде 6-7 болды. Бірінші таймда өзіміздің қателігіміздің арқасында гол соқтырып алдық. Дәл солай екінші тайм туралы айтсақта болады, өз мүмкіндіктерімізді қолдана алмай, қарымта шабуылды жіберіп алып, пенальти алып келдік соның салдарынан есеп 0:2 болды. Қайталап айтамын бізде жақсы мүмкіндіктер болды - екі рет қақпа бағанына тигізіп алдық және үш рет бірге бір сәтті қолдана алмадық. Бүгін алаңда ойнаған жігіттер өзінің барын салды, бірақ нәтижиге жету үшін гол соғу қажет немесе қорғаныста сенімді ойнау қажет еді. Біздің қолымыздан екеуіде келмеді. Екі жіберіп алған голымызда – біздің қателігіміздің салдары.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ