kz

RU
KZ
Жігіттер команда боп ойын көрсетті
Григорий Бабаян «Атыраумен» өткен ойынның нәтижесі туралы айтты.
30 қаз 2024

— Біз күткендей, өте қиын матч болды. «Атырау» әрдайым шоғырланып ойнайды, бұл олардың ойын стилі – қорғаныста шоғырланып, артынша жылдам қарсы шабуылға шығады. Бірнеше рет біз қарсыласқа ұпай алатындай қателіктер жібердік. Тығыз ойын кестесін ескере отырып, бізге тынығу, дұрыс идеялар жетіспеді. Бірінші таймда көптеген қателік болды, екінші таймда ойынды ақырындап қайта құрып, жылдам гол соқтық. Әрине, бұл жағдайда біз үшін ең бастысы – жеңіс. Бірақ бүгін төрешінің іс-әрекеті ақылға сыймайды, шектен шыққандық деген осы. Соңында оның шегінетін мүмкіндігі болмады, бір эпизодта доп алдымен «Атырау» футболшысының, содан кейін екінші ойыншының қолына екі рет тиді. Төрешінің амалы қалмағаны осы кез еді. Бірақ бұл ойынды ашық бұзу болды. Мен киім ауыстыратын бөлмеде жігіттерге айттым да, олар да команда боп бірігіп, соңына дейін ойнау керектігін сезіне білді.
 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес