kz

RU
KZ
Григорий Бабаян: Қай жағынан алсақ та, қиын матч болды
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Браннмен» өткен ойын жайында:
29 там 2024

– Бойды қуаныш кернеп тұр. Қай жағынан алсақ та, қиын матч болды. Біз өте жақсы дайындалдық, күн сайын теория болды, сырт алаңда пайдалана алмаған қарсыластың қателіктерін көре білдік. Бірінші минуттан бастап қысым көрсету керектігін, энергияны көп қажет ететін футбол ойнау керектігін түсіндік. Бірінші таймда мүмкіндіктің көп болғаны сонша, бәрін сол кезде-ақ шешуге болатын еді. Бірақ ең бастысы, ойнауды тоқтатпадық және жігіттер соңғы минутқа дейін күресті. Біртұтас механизм болып жұмыс істегенде, мақсатқа қол жеткізесің. Ең алдымен, жігіттерге рахмет айтқым келеді, олар Қазақстан үшін адам сенгісіз жеңіс сыйлады. Енді Қазақстанда үлкен футбол 19 желтоқсанға дейін болады, ал бұл дегеніміз өте құнды дүние. Бізді алға жетелеген жанкүйерлерге алғыс айтамын, өз үйімізге айналған «Астана Аренада» ойнамасақ та, керемет қолдау көрсетті, біз сездік те сезіндік. Соңына дейін сенім білдіріп, ешнәрсеге алаңдамай, жұмысқа толықтай жұмылуымыз үшін барлық жағдайды жасаған клуб басшылығына рахмет. Ерен еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен медицина қызметкерлеріне және осы жеңіске атсалысқандардың барлығына, клуб қызметкерлеріне де рахмет. Жұмыла білсек, осындай жеңістерге жетеміз. Мен тағы да қазақ елін осы жеңіспен құттықтағым келеді, бұл Қазақстан үшін де, «Астана» үшін де тамаша жарнама! Бізге тек ертеңгі іріктеуді күту ғана қалды.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес