kz

RU
EN
KZ
Григорий Бабаян Загребтің «Динамосымен» болатын ойын туралы
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ойыналды баспасөз мәслихатында Загребтің «Динамосына» қарсы ойыннан не күтетіні жайында айтты.
25 шіл 2023

«Атырауға» қарсы ойында жарақат алған қорғаушы Вараздат Ароянның жағдайы қалай?

– Иә, ол жарақат алды. Бүгін тексеруден өтті, енді нәтижесін күтеміз. Жарақаты ауыр емес және 5-7 күннен кейін оның қайта қатарға қосылуы ықтимал.

Марин Томасов команданың алдында Чемпиондар лигасының тобына шығу міндеті жоқ екенін айтты. «Динамомен» жауапты матч алдында мұндай мәлімдемелер жасау қаншалықты дұрыс?

– Білуімше, бар мәселе аудармада. Бастапқы сұрақ басқа болатын. Сұрақ команданың алдындағы тапсырмалар жайында болды. Міндетіміз - Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы немесе Конференция лигасы болсын, әйтеуір топтардың біріне ену. Біз қазір Чемпиондар лигасында ойнап жатырмыз, сондықтан топтық кезеңге өтуге тырысуымыз керек. Бұл тапсырманы ешкім өзгерткен емес.

Тбилисидің «Динамосымен» және «Атыраумен» өткен матчтардан кейінгі команданың жағдайын қалай бағалайсыз? Ертеңгі ойынға барлығы дайын ба?

– Хорватияға ұшуға қатысты белгілі бір қиындықтар болды. Техникалық себептерге байланысты, жолда тоқтап, 5-6 сағаттың орнына 10 сағатта жеттік. Сондықтан біз кешегі күнді жігіттерді тынықтыруға арнадық. Бүгін бізде тағы бір жаттығу бар. Барлық ойыншылар ертеңгі матчта жақсы қалыпта шығады деп сенеміз.

Өкініштісі, «Атыраумен» болған матчты кейінге қалдыруға келісе алмадыңыздар. Оның үстіне, бапкерлер штабы мен ойыншылардың көңілін қалдырған мардымсыз нәтиже және әділетсіздеу төрешілік болды. Бұл команданың ертеңгі матч алдындағы көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді?

– Иә, біз «Атыраумен» байланыс орнаттық. Біз ертеңгі матчқа жақсырақ дайындалу үшін бұл ойынды кейінге қалдырғымыз келді. Бірақ матчты басқа уақытқа ауыстыру мүмкін болмады. Бұл біз үшін жақсы нәтиже емес, қосымша жүктеме болып шықты. Әрине, Тбилисиде алаңға шықпаған ойыншылар болды. Біз бүгінмен өмір сүреміз, сондықтан біз Загребтің «Динамосына» қарсы ойынға жұмылдық.

Ертеңге қандай жоспар? Астаналықтар 2018 жылы «Динамомен» кездесу өткізген болатын, бірақ одан кейін көп нәрсе өзгерді.

– Қарсыластың мықтылығын жақсы білеміз. Команда еуропалық жарыстардың топтық кезеңдерінің тұрақты қатысушысы екенін білеміз. Команданың тірегі сақталған. Бұл өте ауыр қарсылас. Біздің жұпта Загребтің «Динамосы» фаворит. Біз ертең лайықты ойнап, жақсы нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Қазіргі тізімді 2018 жылғы командамен салыстыру енді мағынасыз. Ол кезде еуропалық жарыстардың топтық кезеңдерінде үнемі ойнайтынбыз. Бұл құрамадан екі ойыншы ғана қалды. Қазіргі ойыншыларға тек осы кезеңдерден өту керек.

Келесі кезеңге өтсеңіз, қалай болады?

– Әрине, бұл бүкіл елдің мерекесі болады. Біз осы нәтижеге ұмтылудамыз. «Динамо» – салмақты қарсылас, бірақ бәрі де алаңда шешіледі.

*metaratings
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес