kz

RU
KZ
Григорий Бабаян «Жеңіске лайық болдық»
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян 19-турдағы қос астана дербиін қорытындылады:
01 қыр 2024

– Эмоционалды деңгейде ауыр ойын болды. Үш күн бұрын ел намысы үшін өте маңызды матч өткізіп, топтық кезеңге шығып, қарсыласты анықтағанымыз бәріне белгілі. Мұның бәрі көп күш пен эмоцияны талап еткені рас. Біз бұл кездесуге 100% дайын болмайтынымызды түсіндік, бірақ қорғаныста мықты ойнау маңызды болды. Жігіттерге ойын қарқынын сақтай білгендері үшін рахмет, матчты жалпылай алсақ, жеңіске лайықты болдық.

 

– Конференция лигасының жеребе тартуын қалай қабылдадыңыз?
– «Қайратқа» қарсы матчқа дайындалып жатқасын, жеребе тартуды талдап та үлгермедік. Бірақ «Челси» сияқты клубтың бізге келуі, менің ойымша, бүкіл қазақстандық футбол үшін үлкен мереке. Бұл матчтың қай жерде өтетінін әзірге нақты айта алмаймыз. Бәлкім, «Астана Арена» оған дейін дайын болар, бірақ ең бастысы Қазақстанға осындай айтулы команданың келетіні.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес