kz

RU
KZ
Григорий Бабаян: Бүгін біз бастапқы құраммен тәуекел еттік
«Астана» футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян «Тұранмен» өткен ойын жайында өз пікірімен бөлісті.
04 там 2024

– Айтайын дегенім, бүгін біз бастапқы құраммен тәуекел еттік, өйткені осы комбинациямен бұрын-соңды ойнаған емеспіз. Бірақ бұл кезеңде басымдықты Конференциялар лигасына береміз, себебі Қазақстан намысын Еуропада қорғайтын боламыз және ол жақта жақсы нәтижеге бағытталған өнер көрсеткіміз келеді. Сондықтан ұпай жоғалтып алатындай дәрежеде тәуекелге бардық. Осы құрамды есепке алсақ, біз алаңда жақсы ойнадық, мүмкіндіктер жасадық, бірақ бұл стадиондағы әрбір айып соққысы біздің қақпаға дөп өтеді. Шын мәнінде, бұл біздің қақпаға бағытталған жалғыз сәт болды. Жігіттердің ойын қарқынын тоқтатпағаны жақсы болды, олар матч жағдайын ертерек шешетін еді, қақпаға екі метрден доп теуіп, қақпашыға тиді. Қосалқы құрам ойыншылары ойынға агрессия қоса білді. Осындай қиын кездесуде жеңіске жеткеніміз дұрыс. Конференциялар лигасының ойындарынан кейінгі кездесу әрдайым ауыр өтеді, сол себепті командаға барын салғаны үшін алғыс айтамын.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес