kz

RU
KZ
Григорий Бабаян: «Елге оралып, Суперкубок ойынына дайындаламыз»
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Химкимен» өткен ойынның (3:0) нәтижесіне қатысты пікір білдіріп, Түркиядағы оқу-жаттығу жиынын қорытындылады.
17 ақп 2023

— Команданың шаршағаны ойын барысында көрініп тұрды, бұрынғыдай ширақ қимылдау болмады, бірақ бұл қалыпты жағдай, дайындықтың қарқыны сәл ауырлау екені белгілі. Осындай ойында ұйымдастыру деңгейін осындай күйде ұстау маңызды, әрі команда да мінезін көрсете білді. Бірінші таймда маған 2-3 жағдай және қарсыластың әрекетіне қарсы қимылымыз ұнамады: екі рет қарсы шабуылға түсіп қалдық, қарсылас гол соға жаздады, бірақ бірінші жағдайда қақпашы доп жібермеді, екіншісінде қорғаушылар тосқауыл қойды. Жалпы, мұндай қателіктерге жол бермеу керек, қандай жағдай болмасын – әрқашан тәртіп болуы керек.

Екінші таймда біз тынышталып, доппен көбірек ойнай бастадық және команданың сенімділігі сәт сайын арта түсті. Әдемі голдар салдық, ал ойын дұрыс бағытта екенімізді көрсетті, бірақ бізге әлі де көп жұмыс істеп, қосқан үстіне қоса беруіміз керек. Әрине, іріктеу жағынан да күшейту қажет, командада барлық бағытта бәсекелестік болуы шарт және біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Жоспарланған жұмыстың 80-85 пайызын орындадық, қазір үйге барып, Суперкубок ойынына дайындықты бастаймыз.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес