- Матчтың алдында біз Суперкубоктан кейін күтпеген жағдай болады деген едік, себебі алдыңғы ойынға бар күшімізді салдық. Біз алаңға нық сеніммен шығуымыз керек екенін айттық, өкініштісі, ол алғашқы 10 минутқа ғана жетті, есепті 2:0 еттік. Әрине, одан кейін де жақсы мүмкіндіктер болды, бірақ ойын сапасы, оның ұйымдастырылуы ұнамады. Қарсыласқа көп мүмкіндік бердік, ойын соңында ол есеп аша білді. Өз алаңымызда бұлай ойнауға болмайды.
«Шахтермен» ойнайтынымызды біле тұрып, бір апта бойы осы жайында және соңғы матчты ұмыту керектігі туралы айтқанымызбен, іске келгенде орындай алмадық. Жаңарған, жас команда, әсіресе, Суперкубок иегері «Астанаға» қарсы ынтамен ойнады, барын салды. Бұндай жайттар болып тұрады, сөзіме бәрі бірдей құлақ аспағаны да белгілі, бірақ ең бастысы бұл кездесуде жеңіске жеттік.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ