«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Шахтермен» өткен ойынды қорытындылады:
– Біз матчты әлсіз бастадық, алғашқы 10 минутта қарсылас қақпаға 5 соққы жасады, ойынды қайта құрып, аяқдопшыларға айтам дегенше осылай болды. Ал 10-минуттан бастап алаңда өзіміздің ойынымызды көрсете бастадық, мүмкіндіктер пайда болды, екі гол соқтық, көрсеткіш бұдан да көбірек болуы мүмкін еді, негізі. Көңілге не қаяу түсірді?! Алекса Амановичтің жарақат алғаны болмаса, бәрі жақсы болады деп сенемін, өйткені бұрын-соңды болмаған өте тығыз ойын кестеміз бар. «Елімаймен» 20-на кездессек, артынша 4 күннен кейін Ұлыбританияда ойын бар. Әрбір ойыншының орны ойсырап қалатыны белгілі, бәрі керек, сонысымен де құнды. Жалпы, кездесудің ең басты тұсы – біз жеңдік, көбірек гол соғатын жағдай болды, бірақ қарсыластың да есеп ашуы мүмкін еді. Екінші тайм жақсы өтті, бір ойыншыға демалыс берсек, жоспарлы және жоспардан тыс ауыстырулар да болды. Енді келесі матчқа дайындалуымыз керек.
«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ
«Астана» футбол клубының серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ