«Астана» футбол клубы сербиялық жартылай қорғаушы – Игор Ивановичпен келісімшартқа отырды.
Игор мансабын сербиялық «Ягодинаның» құрамында бастады, бірақ танымалдыққа Беларусь чемпионатында ие болды. Солигорск «Шахтерінің» сапында 88 матч өткізіп, 17 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Негізінен оң қанаттағы жартылай қорғаушы ретінде ойнайды. Кеншілермен бірге ол үш дүркін чемпион атанып, Суперкубокқа қол жеткізді.
Елордалық клуб құрамында 30 нөмірмен өнер көрсетеді.
Көк-сарылар отбасына қош келдіңіз, Игор!