kz

RU
EN
KZ
Игорь Павлюк: Төрешілер департаментінің басшысы Перемитин өз міндетін атқара алмағандықтан отставкаға кетуі керек!
06 мам 2024

«Астана» футбол клубының Спорттық директоры Игорь Павлюк Ақтөбедегі матч пен төрешілердің қателіктері жайында:

«Ақтөбеде жарнамасына сай, жанкүйерлер жасаған атмосферасы тамаша, нағыз үлкен ойын болды. Аталған қалада өткен матчқа біздің клубтың жанкүйерлері алғаш рет келгені да көңілді қуантады. Бірақ осы мереке төрешілердің қателігінен тағы да бұзылды, ұқсас эпизодтар басқаша түсіндірілді, төрешілер тобының әрекеттерінде белгілі бір жүйелілік болмады. Ешкімді кінәлағым келмейді, бірақ турдан турға өткен сайын төрешілер қарсыластарымыздың пайдасына қателеседі – «Елімаймен» ойында аяқдопшы алаңнан қуылды, қарсыласқа қызыл қағаз берілмеді, «Тобылмен» өткен матчта ереже бұзылып гол соғылды, енді «Ақтөбемен» кездесуде да «ғажайыптар» орын алды. Барып тұрған бассыздық! Қарсыластарымыздың мықтылығына шек келтірмейміз, алайда осы кездесулерде 7 ұпайдан айырылдық.

Мұның астарында не жатқанын білмеймін – «Астанаға» деген жек көрушілік, әлде жалпы төрешілік деңгейінің нашарлағаны ма, бірақ ел чемпионатына қараңызшы, әр турда төрешілерге қатысты дау-дамайлар орын алады. Жанкүйерлеріміз әдемі голдар, алдап өту пен доп беруді емес, айып добын, алаңнан қуылу мен қателіктерді талқыға салатын болды. Қайталап айтамын, бұл бассыздық!

Елімізде стадион мен логистика мәселесі бар, сондықтан қазірдің өзінде жақсы футболшыларды Қазақстан чемпионатында ойнауға көндіру өте қиын, ал төрешілерге қатысты жанжалдар қазақ футболының имиджіне нұқсан келтіріп, мықты ойыншылармен келіссөз жүргізуді одан әрі қиындата түсеру сөзсіз. Төреші қателеседі, екі ойын өткізіп жұмысына қайта жалғастырады. Ал әділетсіз жеңіс пен жеңіліс – клубтың, бапкердің, аяқдопшылардың тағдыры.

Отанымызға футбол ойнауға келген шетелдік ойыншыларға қазір не болып жатқанын түсіндіре алмаймыз. Олар клубқа деген қырын көзқарас туралы шынайы сұрақтар қояды, ал бұл сұраққа жауап табу мүмкін емес. Кешегі кездесуден кейін бір аяқдопшымыз клубтан және чемпионаттан кеткісі келетінін мәлімдеді, біз болсақ бұл ойыншыға клубтың осы маусымдағы мақсат-міндеттерін орындауға көмектеседі деп сенім артқанбыз. Әрине, оның «Астанаға» деген «ерекше ықыласқа» қатысты таңдай қағуы мен бас шайқауын түсінеміз.

Сондықтан, Федерация басшылығының төрешілерге ашық сауал қоятын кезі келді деп ойлаймыз. Төрешілер департаментінің басшысы Перемитин сеніп тапсырылған қызметіне шамасы келмей жатыр деп санаймыз, енді ол орнын босатуы керек!».

Бас серіктес