«Астананың» спорт директоры Игорь Павлюк испаниялық шабуылшы Карлитостың елордалық командаға ауысуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді:
«Шынында да, испандық Карлитос «Астана» футбол клубына ауысады. Барлық мәселе егжей-тегжейлі шешілді, шабуылшымен келісімшарт осында келгеннен кейін жасалады. Оның тәжірибесі мен аяқдопшы ретіндегі жеке қасиеттері командаға 2024 жылғы маусымдағы басты мәселелерді шешуге – «Астанаға» чемпиондық титулды қайтаруға және еурокубок ойындарында сәтті өнер көрсетуге көмектесуі керек. Испандық аяқдопшымен келісімшартқа 2025 жылдың мамырына дейін, яғни бір жылдан сәл артық мерзімге отырамыз. Жалақысына тоқталсақ, БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, қазіргі уақытта клуб мұндай ақшаны төлеуге дайын емес, сол себепті де Карлитостың «Астанадағы» жалақысы БАҚ-та келтірілген сомадан бірнеше есе аз болады».