kz

RU
KZ
Instat. Тигран Барсегян – «Астана» - «Ордабасы» кездесуінің үздік ойыншысы
«Olimpbet» футболдан Қазақстан чемпионатының уақыты өзгертілген 18-ші туры аясында «Астана» және «Ордабасы» командалары кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті.
12 нау 2020


Аталмыш кездесудегі елорда командасының жылғыз голын Алексей Щеткин соққанымен, ойыншылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat Index мәліметтері бойынша жартылай қорғаушы Тигран Барсегян үздік атанды.
Арменялық ойыншы кездесудің екінші таймында алаңға шығып, Алексей Щеткинге голдық пас беріп, қарсылас қақпасына екі тура соққы бағыттаған. Сондай-ақ, Тигран қарсылас ойыншыларына қарсы жеке теке-тіресте үш мәрте үздік шығып, осы көрсеткіштер бойынша ойынның көшбасшысы атанды.
Екінші орында Марин Томасов. Хорватиялық жартылай қорғаушы «Ордабасы» қақпасына төрт соққы бағыттаған.
Үздік үштікті Сергей Малый қорытындылады. Қазақстан құрамасының қорғаушысы екінші қабаттағы допқа таластың тоғыз талпынысының жетеуінде жеңімпаз атанған. Сергей осы көрсеткіштер бойынша ойынның үздігі атанды.

Үздік бестік:
1.Тигран Барсегян 269
2.Марин Томасов 255
3.Сергей Малый 242
4.Ненад Эрич 230
5.Алексей Щеткин 225

«Ордабасы» сапында Жоао Пауло (268) мен Пабло Фонтанелло (255) үздік шықты.

Бас серіктес