«Астана» тәрбиеленушісі Исламбек Қуат өз клубына оралып, елордалық командамен келісімшартқа отырды.
Қазақстан құрамасының футболшысы Нұр-Сұлтан қаласында команда сапына қосылды.
Қуат «Астана» командасында 24 матч өткізіп голдық пас берумен ерекшеленгеннен бөлек, «Қайрат», «Ақтөбе», «Оқжетпес», сондай-ақ ресейлік «Орынбор» және «Химки» командаларында ойнаған болатын.
Қазақстан құрамасы сапында 40 ойын өткізіп, 5 гол соқты.