kz

RU
KZ
Қайсар Бекенов «Астанаға» оралды
Кезінде «Астана» футбол клубының атқарушы директоры қызметін атқарған Қайсар Бекенов елордалық клубтың құрамына қайта оралды.
29 мам 2024

Қайсар Рауфұлы «Астананың» жетістіктерге толы жылдарында клубта жұмыс жасады, командамен бірге барлық отандық жүлдеге және еурокубоктарда тарихи жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ футболының тарихында «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан алғашқы команда болды, сонымен қатар Еуропа лигасының топтық кезеңінен шықты.

Ендігі уақытта Қайрат Бекенов маркетинг пен қоғаммен байланыс бағытына жауапты болады.

Бас серіктес