kz

RU
KZ
Марин Томасов - «Астананың» наурыз айындағы ең көп соққы бағыттаған ойыншысы
18 нау 2020


«Астана» Қазақстан Суперкубогы аясындағы кездесуді қоса есептегенде 4 ойын өткізіп, қарсыластар қақпасына 66 соққы бағыттап, үш мәрте жеңіске жетіп, бір ойында тең түсті. Астаналықтар осы ойындарда 9 гол соқты.
Аталмыш кездесулерде ең көп соққы бағыттаған футболшы Марин Томасов. Жартылай қорғаушы қарсыластар қақпасына 15 соққы бағыттаған. Бұл дегеніңіз бір ойында шамамен 4 соққы.
Екінші орында Пиерос Сотириу. Кипрлік шабуылшы 12 соққы бағыттап, оның үшеуін голға айналдырған.
Үздік үштікті Рунар Мар Сигурьонссон мен Тигран Барсегян өзара бөлісіп тұр. Екеуі төрт ойында 9 соққыдан бағыттаған. Алайда, исландиялық жартылай қорғаушы Тигранға қарағанда қақпаға тура соққыны көбірек жасаған.
Үздік бестікті Юрий Логвиненко түйіндеді. Қазақстан құрамасының ойыншысы қарсыластар қақпасына төрт рет соққы жасаған. Дегенмен, Юрий бір мәрте ғана негізгі құрамда алаңға шықса, қалған ойындарда қосалқы құрамнан ойынға қосылып отырған.

Үздік бестік:
1.Марин Томасов 15
2. Пиерос Сотириу 12
3-4.Рунар Мар Сигурьонссон 9
3-4. Тигран Барсегян 9
5. Юрий Логвиненко 4

Бас серіктес