kz

RU
KZ
Марко Милошевич: «Астана» сапындағы алғашқы ойынымды өткізгеніме қуаныштымын»
«Астананың» қақпашысы Марко Милошевич өзінің алғашқы ресми матчынан кейінгі эмоцияларымен бөлісіп, елорда командасындағы алғашқы қадамдары жайлы тілге тиек етті. 
06 нау 2022

– Қазақстандағы ең үлкен клуб сапында дебют жасаудың сәті түскеніне қуаныштымын. Бірақ, жеңіске жетпегеніміз өкінішті. Біз жеңіске лайық болдық, себебі алаңдағы үздік команда біз болдық, алайда сәттілік жетіспеді.

– Командамен бірге болғаныңа екі айдан астам уақыт болды: команда жайлы, жалпы клуб, қала туралы ойың қандай?
– Иә, командаға келгеніме екі ай болды. Шынымды айтсам, таңғалу сезімі басым, клубқа, командаға, қалаға, стадионға, жалпы барлығына ризамын, барлығы өте керемет. Әріптестерімді өз отбасымдай көремін.

Клубтың бас серіктесі «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

Бас серіктес