Қазақстандық маман Мерей Рафаетұлы Қанибетов «Астана» ФК атқарушы директоры қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол «Ақжайық» ФК және «Тайпақ» футзал клубында жұмыс істеп, «Бәйтерек» және «Нұр-Сұлтан» футзал клубтарында директор қызметін атқарған.
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында білім алған.