- Бұл қазақстандық спорт үшін орны толмас қайғы - дейді «Астана» футбол клубының Бас директоры Михаил Гурман. – Диас Ілиясұлы шын мәнінде біздің журналистиканың мэтрі болды, біздің спортшылар мен журналистердің біршама буыны оның теледидар экранынан естілген дауысымен ер жетті. Ол кәсібиліктің және еңбекқорлықтың нағыз үлгісін көрсетті! Биылғы жылдың қазан айында Омаров мерейтойын атап өту керек еді, бірақ тағдыр басқаша шешім қабылдады! Осы орайда, «Астана» футбол клубының атынан барлық спорт қауымына және Диас Ілиясұлының жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын! Біз сіздермен біргеміз.