kz

RU
KZ
Михаил Гурман «Астана» ФК директорлар кеңесіне енді
27 мам 2024

Қазақ футболының ардагері, танымал футболшы және функционер Михаил Гурман «Астана» футбол клубының директорлар кеңесіне енді. Алдағы уақытта Михаил Ильич клубтың спорттық жұмыстарын бақылайтын болады.  

Михаил Ильич аяқдопшы ретінде кезінде қызылордалық «Орбита», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Трактор», қарағандылық «Шахтер» және талдықорғандық «Жетісу» командаларының намысын қорғады, Қазақстандық G100 сұрмергендер клубының мүшесі. 

Футболдағы ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін, Кәсіпқой футбол лигасының директоры және Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарды.

Ал 2019-2021 жылдары Михаил Ильич «Астана» футбол клубында жұмыс жасап, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды, сонымен қатар көк-сарылардың  Еуропа лигасында «Манчестер Юнайтедтен» басым түсіп, байрағымызды көтерген жеңісті сәтіне де куә болды.

Бас серіктес