kz

RU
KZ
Михаил Гурман: «Барлығымыз футболды сағынып қалдық»
«Астана» шілде айында қайта жалғасатын маусымға дайындалып жатыр. Футбол орталығында өтіп жатқан дайындық туралы және чемпионаттан не күтетіні туралы клубтың бас директоры Михаил Гурман айтып берді.
11 мау 2020


- Үзілістен кейін жаттығуды бастап кеттік. Команда енді-енді қайта бабына келіп жатыр. Көпшілік футболды футболды сағынып қалды. Ойындарды асыға күтіп жүргеніне сенімдімін.
- Барлық командалар жаттығуға кірісіп кетті. Бірақ, «Астана» демалыс алды. Мұндай жағдай футболшылардың физикалық дайындығына кері әсер етпей ме?
- Бұл сұрақты біз команданың бас бапкерімен ақылдастық. Кішігірім үзіліс кезінде отбасыларын көрмеген футболшылар үйлеріне барып келді. Бұл жағдай команданың моралдық дайындығына жақсы әсер ете алады. Біздің бапкерлер құрамамыз өте тәжірибелі. Олар команданы 5-шілдеге дейін жақсы бабына келтіреді деген сенімдемін.
- «Ертістің» ел біріншілігінен шығып қалуынан кейін ойындар саны азаяды. Бұл жағдай ел чемпионатына қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
- Әуелі Павлодар секілді еліміздегі футболды қатты жақсы көретін аймақты Премьер-Лигадағы командасынан айырылып қалғаны өте өкінішті екенін айтқым келеді. Клубтың ішінде не болғанын білмеймін. Сондықтан «Ертістің» мұндай жағдайдан қалай шығаруға болады деп те кеңес бере алмаймын. Дегенмен де еліміздегі ең беделді ұжымдардың бірі осындай жағдайға тап болғаны қынжылтады. Чемпионатқа келетін болса, әрине, үшінші айналымның болмайтыны, ойындар санының азаюы чемпиондыққа талас кезінде әсер етеді. Мұндай жағдайда әрбір команда қателік жібермеуге тырысады. Бірақ, чемпионат қызық болайын деп тұр. Ойын санына, турнирдің өткізілу жағдайына қарамастан «Астана» ылғи да алдына биік мақсаттар қояды.
- Осы аптада футбол орталығында жаттығу жұмыстары басталы. Демалыстан кейін футболшылар жаттығуға оңай кірісіп кетті ме? Үзілістің қиындығы болмады ма?
- Футбол орталығында жаттығатын балалардың жүздерінен күлкі көру мен үшін бір бақыт. Қанша қиын болғанымен, рұқсат берілген сәттен бастап футбол орталығының жұмысын қайта жүргізуді қолға алдым. Қазір күн сайын балалардың температурасын өлшеп, жаттығуға дейін де, кейін де қолдарын тазалап отыруды талап етеміз. Балалар қашықтықты сақтау үшін әрбір топты бір-бірімен жолығып қалмауын қадағалаймыз.

Бас серіктес