kz

RU
KZ
Назми Грипши: «Мұндай матчтарда фаворит болмайды, бұл плей-офф»
21 там 2024


«Астананың» жартылай қорғаушысы Назми Грипши «Браннмен» болатын матч алдында баспасөз өкілдерінің сұрақтарына жауап берді:

– Ертең бізді өте қиын ойын күтіп тұр, Норвегияға ұшуымыз ұзақ болды. Оңай болған жоқ, дегенмен барлық ойыншы матчқа дейін қалпына келіп, толық дайын болады деп ойлаймын. Ертең жақсы нәтижеге жету үшін бәрін жасауға тырысамыз.

– «Бранн» туралы не айта аласыз, ертең жаңбыр жауады, ауа райы ойынға әсер ете ме?

– Біз «Браннды» қарадық. Менің ойымша, бұл жақсы команда, бірақ ойынның қалай өтетінін ертең көреміз. Менің ойымша, бұл кездесуде фаворит болуы мүмкін емес, өйткені бұл плей-офф кезеңі. Матчта кім жақсы болса, сол жеңіске жетеді. Жаңбыр? Біз кәсіби аяқдопшымыз, кез келген жағдайда, жаңбыр жауып немесе күн шығып тұрса да, ойнауымыз керек.

 

«Астана» футбол клубының бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ

«Астана» футбол клубының серіктесі –  «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Бас серіктес