kz

RU
KZ
Ненад Эрич: «Қазір ең бастысы басты тік көтеріп, алға жүру керек»
«Астана» ел біріншілігі аясында «Таразға» қарсы ойнап, ұпай жоғалтып алды. Ойын соңында елорда командасының капитаны Ненад Эрич кездесу туралы пікірімен бөлісті:
31 там 2020

- Дәл бүгінгідей ойыннан кейін сөз табу өте қиын. Біз бүгін ұпай жоғалтып алдық. Әрине, біздің ойынымызда қиындықтар бар. Кез келген командада құлдырау кезеңдері болады. Қазір ең бастысы басты тік көтеріп, алға жүру керекпіз. Бұл мәселелерді шешіп, жағдайды өзгертуге тиіспіз. Осы орайда, бізді әрқашан қолдап келе жатқан жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Біз оларды жақсы нәтижемен қуанта алмадық. Дегенмен, бізге тек қана алға қадам жасау керек. Біз бұл тығырықтан шыға алатынымызға өте сенімдімін. Біз үшін Чемпионатта да, Еуропа Лигасында да ештеңе жоғалған жоқ.
- Сіз наурыз айынан кейін алғаш рет алаңға шықтыңыз. Өзіңізді қалай сезіндіңіз?
- Менің ұзақ ойнамағаным білінді. Жалпы өзімді жақсы сеніндім деуге болады. Алайда, аздап шаршау бар.
- «Астанаға» Черногория чемпионы «Будночность» қарсылас атанды. Жеребеге қандай баға бересіз?
- Еурокубоктерде оңай қарсылас болмайды, «Будучность» өз елінің чемпионы! Бірақ бізге дәл қазір өз жағдайымызға қарау маңызды. 17 қыркүйек күнге дейін біз толықтай дайын боламыз деп үміттенемін!
- Алда халықаралық үзіліс. Бұл біздің ұжымға жақсы жағынан әсер етуі мүмкін бе?
- Менің ойымша бұл үзіліс бізге қол болуы тиіс. Біздің жағдайымыз қазір мәз емес. «Астана» - үлкен клуб, бізге тек алға жүру қажет.

Бас серіктес