«Астана» Қарағандыда футболдан Қазақстан OLIMPBET-Чемпионатының матчында «Жеңіске» қарсы ойнады.
Григорий Бабаянның шәкірттері екінші таймның басында ойын есебін ашты, гол соққан Джеффри Чинеду «Астана» жейдесінде 13-ші голын тіркеді. Бірақ кейінірек «Жеңіс» есепті теңестірді.
Нәтижесінде кездесу 1:1 есебімен аяқталды.