Қазақстан Olimpbet-чемпионатының XXV туры аясында «Қайрат» – «Астана» командаларының кездесуі кезінде «Астана» футбол клубына қатысты халық арасында дау тудырған мәселе жайында клубтың ресми түсініктемесі
Аталған жағдайға қатысты клуб келесі жайттарды мәлімдейді:
- «Астана» ФК Қазақстан Olimpbet-чемпионатының XXV туры аясындағы кездесуде болған жағдай үшін толығымен жауапкершілікті өз мойнына алады;
- «Астана» клубы жақын арада осы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, керекті шаралар қабылдайды;
- Команданың бас жаттықтырушысы А.В.Тихоновты Бақылау-тәртіптік комитетінің 24 ай мерзімге дисквалификация түрінде жазалау шешімін клуб ауыр деп санайды.
«Астана» клубының баспасөз қызметі қабылданған шаралар мен шешімдер жөнінде толық ақпаратты ресми дереккөздерінен қарауды сұрайды.