«Жүйелі түрде дайындалып жатырмыз. Енді қатарға қосылу режимі, белсенді қалпына келтіру процесі жүріп жатыр. Бұл циклде жұмыс істеп жатқанымызға үшінші апта. Барлығы жақсы, жағдай толық жасалған. Ақырындап дайындалып жатырмыз. Маусымнан не күтеміз? Дайындықтың барысында көре жатармыз, солай маусымға мақсат қоямыз. Жігіттердің көңіл-күйлері жақсы. Жарақат алған жігіттер бар, емделіп жатыр. Команда негізінен жұмыс істеуге, дамуға дайын», - дейді маман.