Солардың бірі Пиерос Сотириу. Кипрлік шабуылшы негізгі құрамда алаңға шығып, толық ойын өткізді.
Пиерос ойын туралы және грекиялық ПАОК командасы тарапынан болып жатқан қызығушылық жайлы ойыннан кейін өз пікірімен бөлісті:
- Менің ойымша біз бүгін өте жақсы ойын көрсеттік. Бұл біздің осы маусымдағы ең жақсы өткізген 60 минут болды десем артық айтқандық емес. Біз кездесу барысын толықтай бақылауда ұстап, өз күшімізді көрсете алдық. Мен біздің команданың тез арада турнирлік кестенің шыңына жеткенін қалаймын.
- БАҚ Сіздің ПАОК сапына ауысуыңыз мүмкін екенін жазып жатыр. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады?
- Мен АПОЭЛ ойыншысы болған кезде, ПАОК маған ресми ұсыныс жасаған болатын. Бірақ, ол кезде клуб ол ұсынысты қарастырмаған еді. Бұл оқиға 4 жыл бұрын болған. Ал осы трансферлік терезе кезінде ешқандай ресми ұсыныс болған жоқ. Қазіргі менің бар ойым «Астанамен» тікелей байланысты. Мен командамен бірге алға қойған мақсаттарға жеткім келеді.