kz

RU
KZ
Пол Эшуорт «Астана» сапынан кетті
 Тараптардың келісімі бойынша «Астана» футбол клубының атқарушы директоры Пол Эшуортпен еңбек келісімшартын тоқтату туралы шешім қабылданды. 
07 қаз 2020

Пол елордалық клубта 2019 жылдан бастап Атқарушы директор лауазымында жұмыс істеді, соңғы айда бас бапкер міндетін атқарды. Осы уақыт аралығында команда екі рет Қазақстан Суперкубогында жеңіске жетіп, Чемпионатта топ жарып, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне жолдама алып, онда Манчестер Юнайтед ұжымынан басым түскен болатын
«Астана» футбол клубы Эшуорт мырзаға атқарған жұмысы мен астаналық клубтың табысына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. 
Қазіргі уақытта жаңа бас бапкерді шақыру бойынша жұмыс белсенді жүргізілуде. 

Бас серіктес