kz

RU
KZ
Пол Эшуорт: «Нәтижеге көңілім толды»
«Астана» «Ордабасыға» қарсы турдың орталық кездесуінде, шымкенттік ұжымды 2:1 есебімен жеңді.
12 қыр 2020


Ойын соңында елорда командасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Пол Эшуорт кездесу туралы пікірімен бөлісті:


- Әрине, менің ойын нәтижесіне көңілім толды! «Ордабасы» - өте мықты қарсылас. Біз осы жылдың өзінде бұл командамен үш рет кездесдік, яғни чемпионат аясында екі рет, бір жет жолдастық кездесу өткіздік. Бұл ойындар ешқашан оңай болған емес.


- «Ордабасыға» қарсы кездесу алдында команда бір апта толықтай Сіздің қол астыңызда жаттықты. Не өзгерте алдыңыз?
- Әрине, жаңа бапкердің қандай өзгеріс енгізгені бәріне де қызық. Біз бір апта жаттығу жасағанымызбен, ол оңай болған жоқ. Себебі, бізден көп ойыншы өз ұлттық құрамаларының қарамағында болды. Тигран кеше ғана командаға оралса, Пиерос одан бір күн бұрын келді. Сондықтан, ойымдағы қалаған дүниені жасау қиынға соқты. Біз мен қалаған жұмыстың 70 пайызын ғана орындай алдық. Мұны ойын барысынан-ақ байқауға болады. Қақпамызға жіберген голға дейін, өте жақсы ойын үлгісін көрсеттік. Артынша, біз қорғанысқа басты назар аудардық. Бұл ешқандай физикалық қиындықтан емес, қазір барлық командалар бірдей жағдайда жаттығып жатыр. Бұл керісінше психологиялық тұрғыдағы қиындық деп ойлаймын. Менің ойымша, біз ойын соңында сәл ақылды футбол ойнап, алғашқы 70 минутта көрсеткен футбол үлгісін жалғастырып, кездесу барысын бақылауда ұстауымыз керек еді.


- Бүгін Сіз негізгі құрамды таңдағанда барлығын таң қалдырып, Марин Томасовты қосалқы құрамда қалдырдыңыз. Бұл шешіміңіз немен байланысты?
- Бізде негізгі құрамды анықтауда үлкен таңдау бар. Барлығының да алаңға шығатын мүмкіндігі жеткілікті. Мен бапкер ретінде жаттығу жұмысы барысында кімнің қаншалықты жұмыс жасайтынын бақылауым қажет. Олардың жаттығудағы жасаған жұмыстары мен құрама сапында өздерін көрсеткен жағдайларға байланысты, негізгі құрамды таңдадым. Бүгінгі күні мен ең оңтайлы құрамды таңдадым деп ойлаймын. Менің ойымша, егер футболшылар 100% жаттықса, онда олар да 100% ойнайтын болады.


- Бүгін жарақаттарына байланысты Антонио Рукавина мен Жарко Томашевич командаға көмектесе алмады. Олар жасыл алаңға қашан оралады?
- Тони жаттығу жасап бастаған, алайда екі күн бұрын тағы жарақат алып қалды. Оның қалыпқа келуі үшін бір ай, мүмкін одан да көп уақыт қажет. Жарко 10 күннен кейін қатарға қосылуы тиіс.

Бас серіктес