kz

RU
KZ
Рахмет, Степан!
04 қаң 2024

Босниялық жартылай қорғаушы Степан Лончар «Астана» футбол клубымен қош айтысты.

Степан «Астанаға» 2023 жылдың шілдесінде келіп, тамаша ойынының арқасында бірден команда жанкүйерлерінің ойынан шықты. Командамен бірге Конференция лигасының топтық кезеңінде ойнады. Елордалық клуб қатарында 18 кездесу өткізіп, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.

Біз Степанға «Астана» футбол клубының осы маусымдағы ойындарында көрсеткен өнері үшін алғыс айтамыз және оған болашақта сәттілік тілейміз.

Бас серіктес