«Астананың» атқарушы директоры Санжар Сейітқазинов қызметін босатты.
Санжар Дүйсембайұлы елордалық клуб қатарына 2021 жылдың қазан айында келген болатын. Әріптестері Санжар Дүйсембайұлын өз ісінің нағыз маманы және футболдың үлкен жанкүйері ретінде таниды.
«Астана» футбол клубы Санжар Сейітқазиновқа команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіре отыра, алдағы мансабына сәттілік тілейді.