kz

RU
EN
KZ
Саян Хамитжанов: «Астанаға» күйе жағуға тырысатын адамдар бар
«Астана» ФК Бас директорының кеңесшісі Саян Хамитжанов клубтың баспасөз қызметіне оның атын жамылып, жасырын телеграм-арналарда жарияланған ақпараттар жайында қысқаша түсініктеме берді.
30 қаз 2022

- Құрметті достар, қымбатты жанкүйерлер! Біздің клубтың ресми ақпарат тарататын дереккөздері бар. Ресми сайт, клубтық әлеуметтік желілердегі парақшалар, т.б. Маңызды ақпарат алаңдарымен де жұмыс істейміз - республикал деңгейіндегі спорттық және қоғамдық-саяси БАҚ. Егер біз қандай да бір түсініктеме бергіміз келсе, онда ақпарат осы аталған дереккөздерде жарияланады. Біздің клуб туралы жалған ақпарат жариялайтын және арандатуға тырысатын (мысалы, кеше мен түсініктеме берді деп жариялаған дереккөз) ақпарат көздеріне мән бермеулеріңізді сұраймын. 

Григорий Бабаянның жаттықтырушы боп келген сәтінен бастап «Астана» қайта жанданып жатыр. Петропавлдағы бүгінгі жеңіс біздің клубты чемпионатта бірінші орынға шығарды. Бірақ біреулер біздің команданың көтерілгенін ұнатпайды, осындай болмашы әрекеттермен бізді жамандауға тырысады. Біз болсақ қазақстандық футболдағы ең жоғары позицияға лайық екенімізді алаңда дәлелдеуге барымызды саламыз. 

Бас серіктес