«Астана» футбол клубының басшысы Саян Хамитжанов Қазақстан клубтары үшін Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінің қорытындысын шығарды:
«Кеше үш қазақстандық клубтың екеуі UEFA Конференциялар лигасының үшінші раундына өтті. «Ордабасы» драмалық матчта «Дифферданжды» жеңіп, жанкүйерлеріне ұзақ уақыт есте сақталатын жарқын кеш сыйлады. Осындай эмоциялар үшін біз футболды жақсы көреміз. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдаланып, «Ордабасы» футбол клубын және барлық қазақстандық жанкүйерді оңтүстік командасының келесі кезеңге шығуымен құттықтағым келеді. Үшінші раунда да сәттілік біздің клубтарға серік болып, жанкүйерлер қолдау көрсетеді деп үміттенеміз, өйткені біз Еуропада Қазақстан клубтық футболының игілігі үшін ойнаймыз!
Сонымен қатар, Алматыда «Астананы» қолдау үшін келген жанкүйерлерге үлкен алғысымды білдіргім келеді. Сіздің қолдауыңызды бүкіл матч бойы сезініп, мүмкіндігінше үйдегі атмосфераны жасауға тырыстық. Сіздерге рахмет және келесі матчтарымызда көріскенше!».